Желіде Алматы облысында аялдама маңында жүрген "қасқырдың" видеосы пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желіде Алматы облысында аялдама маңында жүрген "қасқырдың" видеосы пайда болды

Желіде Алматы облысында аялдама маңында жүрген "қасқырдың" видеосы пайда болды

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қасқырға ұқсас жануардың видеосы тарады. Ол аялдама маңында серуендеп жүргені айтылады. Ролик авторы бұл Алматы облысындағы Ұзынағашта екенін айтады.

  • 20 Шiлде 2020
  • 31
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

"Ұзынағаш ауылы кіреберісінде ұрғашы қаншық қасқыр жүр. Осында туған ба, күшіктеген бе, осы төңіректе айналшықтап жүргеніне екі-үш күн болған сияқты. Негізі кеше Instagram-нан көргенмін, түнде біреулер түсірген екен. Сондықтан сақ болыңыздар. Аялдаманың артындағы Үмбетәлі бұрылысында жүр", — дейді видео авторы.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ақпаратты тексерді.

"Инспекторлар барып, қарады. Бұл жерден оны таппады. Видеоны қасқыр асыраушыларға жібердік, олар бұл ірі ит деген қорытынды айтты", — деп жауап берді комитеттің баспасөз қызметі өкілі.

Бұған дейін Алматы тауларында туристер аю көргенін хабарлаған болатын. Бұл карантин кезінде тауға шығатын адамдар азайғандықтан, жабайы аңдар қала шетіне қарай төмен түскенімен түсіндірілді.