Қазақстанда жедел жәрдемді шақыру көрсеткіші 38 пайызға азайды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жедел жәрдемді шақыру көрсеткіші 38 пайызға азайды

Қазақстанда жедел жәрдемді шақыру көрсеткіші 38 пайызға азайды

Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші 4 пайыздан 1,7 пайызға төмендеді.

  • 28 Шiлде 2020
  • 6
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Денсаулық сақтау министрлігінен хабарлағандай, Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші 4 пайыздан 1,7 пайызға төмендеді. Стационарлардың толымдылығы 46 пайызға азайды. Ел бойынша жедел жәрдемді шақыру деңгейі 38 пайызға қысқарған.

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин елдегі эпидемиологиялық жағдай мен коронавирус инфекциясына қарсы күрес шаралары туралы Үкімет отырысын өткізген болатын.

«Елдегі эпидемиологиялық жағдайды одан әрі жақсартуымыз қажет. Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі карантиндік шараларды біртіндеп алу жоспарын ұсынып отыр. Қазіргі жағдай мен осы айдың қорытындысын ескере отырып, Мемлекеттік комиссияның отырысында бұл Жоспар қарастырылып, тиісті шешім қабылданады», — деді Асқар Мамин.