Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Dears, біз өткен жылы 1 тамызда Димашты Ыстанбұл әуежайында кездесу бақытына ие болғанбыз. Бір жылдық мерейтойымызды талантты түрік суретшілері Alper (zeos2305) және Ayşe (akazio1) жасаған Bastau деп аталатын қабырға суретімен қарсы алдық. Біз "Bastau" — Димаштың Түркияда салынған алғашқы суреті және әлемдегі алғашқы 3D гиперреалисттік граффити екенін қуана жариялаймыз!, — деп жазды Димаштың Түркиядағы dimash.turkey деп аталатын фан-клубы желідегі парақшасында.
Суретші Альпер Агка бұл жұмыс оған сәттілік әкеледі деп үміттенеді.
Айта кетейік, қабырғаға сурет салу үшін екі ай уақыты кеткен.