Елімізде пневмониядан қайтыс болғандардың саны екі есе өскен - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде пневмониядан қайтыс болғандардың саны екі есе өскен

Елімізде пневмониядан қайтыс болғандардың саны екі есе өскен

Қазақстанда пневмониядан қайтыс болғандардың саны екі есе өскен. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

  • 3 Тамыз 2020
  • 30
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Министр соңғы екі жылдағы пневмонияға қатысты біріккен статистика туралы айтты.

"Алдыңғы кезең бойынша нақты сандар бар, оны жасырмаймыз. Ол жерде пневмонияның бірнеше түрі бар — вирустық, бактериялық, зең, коронавирустық. 2019 жылы 2 тамызға дейін 76 985 жағдай анықталса, 2020 жылы — 256 541 жағдай тіркелді. 

Оның ішінде, 2019 жылы 2033 өлім жағдайы болса, ал 2020 жылы 4042 адам өлімі тіркелген", — деді министр. 


Еске салайық, 17 шілдеде Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус пен пневмония статистикасы тамызда біріктірілетінін мәлімдеген болатын. Министр елімізде 1 қаңтар мен 15 шілде аралығында 234 187 пневмония дерегі тіркелгенін атап өтті.