«Мені ақылынан адасқан дейді»: Елімізде COVID-19-ға қарсы бірінші болып вакцина салдырған адам кері әсерлері болғанын мойындады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мені ақылынан адасқан дейді»: Елімізде COVID-19-ға қарсы бірінші болып вакцина салдырған адам кері әсерлері болғанын мойындады

«Мені ақылынан адасқан дейді»: Елімізде COVID-19-ға қарсы бірінші болып вакцина салдырған адам кері әсерлері болғанын мойындады

Елімізде COVID-19-ға қарсы вакцинаны тәжірибе ретінде ең бірінші болып салдырған қазақстандық өзінің жағдайы туралы айтты. Коронавирусқа қарсы екпе алған ол оқшауланбаған.

  • 4 Тамыз 2020
  • 144
Фото - Caravan.kz

Ғалым жұмысқа баруын жалғастыруда. Айтуынша, өзін керемет сезінеді. Оған өткен аптада Аграрлық университеттегі Халықаралық вакцинация орталығында екпе салынды. Қайсар Табыновқа австралиялық препарат енгізілді. Алайда ол алғашқы күндері екпенің жанама әсерлері болғанын мойындады.

Бұл туралы Caravan.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Бүгін эксперименттің бесінші күні. Жас ғалым дене қызуын күніне екі мәрте өлшейтінін айтады. Қазір өзін жақсы сезінеді екені. Бірақ алғашқы күндері қызуы 37,4 көрсетті, сонымен қатар әлсіздік байқалды. Бұған қоса, инъекциядан кейін  қолы ауырыпты.

Қайсар Табынов, ҚазҰАУ жанындағы Халықаралық вакцинация орталығының директоры:

— Үшінші күні бұл белгілердің бәрі толығымен жойылды. Ештеңе қалмады. Температура толығымен қалыпты. Жағдай өте жақсы болды. Менің бір ғана адам екенімді ерекше атап өту керек. Мендегі ғана көрсеткіштерге бола сенімді деп санауға болмайды.

Үш күннен кейін ғалым тексеруден өтеді. Денедегі антиденелер бар-жоғы тексеріледі. Ал айдың соңында Қайсар Табынов екінші рет инъекция алады. Вакцинаның өзі Алматыға Австралиядан әкелінді. Елімізде 10 адам оны өздеріне сынап көруге келісті. Бірақ олардың тек біреуін таңдады.

Қайсар Табынов, ҚазҰАУ жанындағы Халықаралық вакцинация орталығының директоры:


— Олар мені ақылынан адасқан деп санайды. Бірақ мен олай емес деп санаймын. Бұл саналы түрде жасалған әрекет. Егер біз шынымен австралиялық вакцинаны әкеліп, үшінші кезеңді сынақтан өткізетін болсақ вакцинаның шынымен қауіпсіз және тиімді екеніне көз жеткізуіміз керек. Мен бұл вакцинаны өзіме сынап, тиімді екенін дәлелдегім келеді.

Меруерт Бабаева, ҚазҰАУ жанындағы Халықаралық вакциналар орталығының аллергологы:

— Мен Қайсар Қазыбайұлына барлық ережелерді сақтай отырып, бұлшықет ішіне коронавирустық вакцина ектім. Өте қызықты. Мен Қазақстанда бірінші болып коронавирустық вакцинаны егу мәртебесі алғанына өте қуаныштымын.

COVAX-19 вакцинасы Оңтүстік Австралияда жасалды. Препарат 40 еріктіге сыналады, олардың ең жасы — 18 жаста, ал ең үлкені — 65 жаста. Вакцина жануарларға жүргізілген тәжірибелер кезінде өзін жақсы көрсетті, ғалымдар оған үлкен үміт артып отыр. Коронавирустық вакцина тоңазытқышта 4 градуста сақталады.