"Коммунистік партия Елбасына қарсы ма?!": Жас саясаттанушы қазақ ұлтшылдарын айыптаған коммунистерге батыл сын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Коммунистік партия Елбасына қарсы ма?!": Жас саясаттанушы қазақ ұлтшылдарын айыптаған коммунистерге батыл сын айтты

"Коммунистік партия Елбасына қарсы ма?!": Жас саясаттанушы қазақ ұлтшылдарын айыптаған коммунистерге батыл сын айтты

Коммунистердің прокуратураға жазған хаты көптің ашу-ызасын туғызды.Қазақ ұлтшылдығын айыптаған олардың бұл ісіне әркім өзінше жауап беріп жатты. Солардың бірі жас саясаттанушы Асхат Қасенғали.

  • 12 Тамыз 2020
  • 90
Фото - Caravan.kz

Ол өзінің жеке парақшасында коммунистерді ащы мысқыл араластыра отырып сынап тастады.

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлады.

"Уа-ха-ха. Коммунистердің прокуратураға жазған хатын оқығанда дәл осылай 12 минут 37 секунд күлдім. Ішегім түйіліп қала жаздады, үш балам бары есіме түсіп, "қой, коммунякқа күліп өліпті" деген атақ алмайын деп, өзімді әрең тежедім.

Ұлтшылдықты айыптаған көрінеді. Қазақ қоғамындағы ұлтшылдық асқынса тура Украина, Грузия, Молдовадағыдай боламыз депті. Е, коммуняктар  ең құрығанда саяси газет па, журнал ма, кітап па оқысаңдаршы. Сатып алуға ақшаларың жоқ болса интернеттен оқыңдар. Не мынау? Ұят қой. Менің үш жасар ұлым бұл елдегі әскери қақтығыстарды, қантөгісті Украинаға 2014-те Қырымын тартып алып, шығысын отқа ораған Ресей, Грузияға 2008-де Осетияны тартып алу үшін басып кірген тағы Ресей, Молдовада 1990 жылы Приднестровьені бөлшектеген Мәскеу екенін жақсы біледі. Айтпақшы Ресейді айдап салып отырған да сондағы коммунистер, нквд ұрпақтары. Осы үш елді мысал ету арқылы, ұлтшылдықты айыптағыларың келсе, сәтсіз мысал. Тарихты білмегендерің үшін сендерге екі деген баға, отырыңдар!

Жалпы біздің қоғам қызық. Аштыққа кінәлі коммунистік режим екенін білеміз. Ядролық сынақтарға кінәлі коммунистік режим екенін білеміз. Желтоқсан мен сансыз бас көтеруді қанмен басқан коммунистік режим екенін білеміз. 1937-38 қанды қырғынын жасап, ұлт зиялысын қырып салған коммунистік режим екенін білеміз. Тіліміздің қазіргі жағдайына, тарихымыздың қазіргі хал-ахуалына, халқымыздың қазіргі аз санына тікелей кінәлі осы тажал идеология екенін білеміз. Біле тұра, осылардың партиясы парламентте отыр. Парадоксқа толы елміз әйтеуір.

Коммунизмді жалғыз мен емес, Елбасының өзі айыптады. 2018 жылы, 31-мамырда Н.Назарбаев КСРО кезіндегі барлық қасіретті айта келе, «бұның бәрі коммунизмнің жарқын болашағы» атты жалаң ұранмен жасалған қасіретті тәжі­рибенің салдары" дейді. Че там, әлде коммунистік партия Елбасының бұл ойымен келіспей ма? Елбасына қарсы ма?!

Қазақстанда коммуняктардың моральдық тұрғыдан бірдеме айтуға құқығы жоқ. Халқының 65-70% қырған идеология өкілдері, Қазақстанда бірде бір адамды өлтірмеген ұлтшылдық көзқарасын айыптауы ақылға сыя ма?! Хатты прокуратура түгелі, Рим Папасына жазсаңдар да өз еріктерің. Қазақстандағы ұлтшылдық біреуді соқ, екіншісін ұр деген ұлтшылдық емес. Бұл бар болғаны тілімiзді білейік, тарихымызды таниық деген ұлтшылдық. Біздегі тіріліп келе жатқан сананы олай қаралап, жала жаба алмайсыңдар. Шовинистік көзқарас жоқ, өйткені біз импершіл Ресейдің азаматтары емеспіз. Біз барлық ұлтты, дінді құрметтейміз. Олай болмағанда күнде қан төгіліп, бас жарылып жатар еді. Қоғамға керемет алаңдағыш болсаңдар пандемия басында дәрі неге жетпеді, жемқорлық фактілері неге дұрыс тексерілмейді, LRT ақшасын кім қайтарады және т.б мәселемен хат жаз. Жазып қойма, нәтиже болғанша күрес. Билікте отырған үш партияның бірісің. Халықтың cалығынан қаржыландырылып отырсың, ал көтерген мәселең күлкілі. Жоқ проблеманы жазасың.


ПыСы: Суретті көріп тұрсың ғой, коммуняк! Сенің идеолoгияңның нәтижесі осы. Қасірет, аштық, қудалау"- деп жазды Асхат Қасенғали әлеуметтік желіде. 

Еске салсақ,  Жамбыл Ахметбеков бастаған еліміздің коммунистері қазақ ұлтшылдарының үстінен арыз жазған. Олардың айтуынша, Қазақстанда радикалды ұлтшылдар тобы құрыла бастаған. Онда шовинистік мәлімдемелер қабылданады екен-мыс.Коммунистердің ойынша, радикалды ұлтшылдарды бетімен жіберу ұлттық қауіпсіздікке үлкен қатер төндіреді, деп жазды  Skifnews.kz ақпарат порталы.