Шығыс Қазақстандық экологтар жағалауларды тазалады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстандық экологтар жағалауларды тазалады

Шығыс Қазақстандық экологтар жағалауларды тазалады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Экологтар, әкімдік қызметкерлері мен еріктілердің тобы Алакөл жағалауын, Шүлбі су қоймасы мен Ертіс ж?

  • 13 Тамыз 2020
  • 11
Фото - Caravan.kz

Экологтар, әкімдік қызметкерлері мен еріктілердің тобы Алакөл жағалауын, Шүлбі су қоймасы мен Ертіс жағасын тазалап, 80 текше метрге жуық қоқыс шығарды. Сондай-ақ мамандар аумақты абаттандыру ережелерін бұзған, рұқсат етілмеген жерде шомылған және қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішкен – жалпы саны 10 адамды жауапкершілікке тартты.

Аудан әкімдеріне қоқыс контейнерлер орнатып, от жағатын жерлерді белгілеп, тазалық жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу туралы ұсыныс жасалды. Полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыларды бақылауды күшейтуі тиіс, – деп мәлімеді облыстық экология департаменті.

Айта кетейік, рұқсат етілмеген қоқыс орындары туралы ақпаратты департаменттің нөміріне фото немесе видео материал ретінде жолдауға болады.