Бұл мәліметті қалалық ПД баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланғандай, Түрксіб ауданында 32 жастағы ер адамның денесі табылып, оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Қысқа мерзімде полиция қызметкерлері марқұмның қарым-қатынастағы шеңберін белгілеп, күдіктіні анықтады.
«Белгілі болғандай, ер адамдар бір күн бұрын бірге ішімдік ішкен, содан кейін олардың арасында жанжал болған. Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті жәбірленушіге аса ауыр жарақат келтірген, екіншінің бақилық болғанын білгеннен кейін ол қылмыс іздерін жасыруға тырысқан. Марқұмның денесін тамақты орауға арналған жылтырмен орап, оны сыртқа алып шықпақ болған», — дейді Алматы қалалық ПД.
Алайда, ведомствода атап өткендей, ол жоспарларын жүзеге асыра алмады. Ауыр қылмыс анықтағаннан кейін бірнеше сағат ішінде күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.