Шымкентте залаласыздандыру жұмыстарынан кейін төрт бала уланып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте залаласыздандыру жұмыстарынан кейін төрт бала уланып қалды

Шымкентте залаласыздандыру жұмыстарынан кейін төрт бала уланып қалды

Шымкентте төрт бала белгісіз затпен уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

  • 14 Тамыз 2020
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті. 

13 тамыз күні қалалық токсикология бөліміне төрт бала жеткізілген. Олардың екеуі алты жастағы, біреуі жетідегі және ең кішісі үш жасар бала. Қазір бүлдіршіндердің жағдайы орташа, дейді дәрігерлер. 

Мәлім болғандай, балалардың ата-анасы пәтер жалдап тұрады екен. Ересектердің сөздерінше, жақында көршілері тарақандарға қарсы залаласыздандыру жұмыстарын жүргізіпті. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс жасауда.