Талдыкөлдің орнына нысандар салынбақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдыкөлдің орнына нысандар салынбақшы

Талдыкөлдің орнына нысандар салынбақшы

Елорда маңындағы аң-құсы бар ерекше көл картадан жоғалып кетуі мүмкін.

  • 14 Тамыз 2020
  • 68
Фото - Caravan.kz


Астаналықтар мен экологтар осылай деп дабыл қағуда. Өйткені жергілікті әкімдік Талдыкөлдің  суын құрғатып, оның орнына әлеуметтік нысандар салмақшы. Қала үшін аса маңызды шешімге шенеуніктер неліктен ешкіммен ақылдаспай барған? Бастаманың қоршаған ортаға залалы қандай?

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Соңғы екі жыл бойы "Жағалау" шағын ауданының тұрғындары екі кіші Талдыкөлде қос аққуды жиі көретін еді. Балапан сүйген құстардың бүгінде су айдынында тек біреуі ғана қалыпты.

Оның үстіне қанаттылардың көп түрі көлге ұшып келуді қойған. Жергілікті халық бұған суды құрғатпақ болған әкімдікті кінәлайды.

ВЕРА ГАВРИЛЮК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
"Көл ортасына құм төсеген. Жол салатын сияқты. Жұмыстар басталғанда, мен құм төкпей, ештеңені бұзбай, абаттандыруға болады дегенді түсіндірдім, өтіндім солай істеуге. Қараңыздаршы, қандай керемет жер. Бүгінде бұл аймақ қоқысқа толып қалды".

Көлді бұлайша құрғату емес, абаттандыру бастамасын 2013 жылы "Қазақстанның биоалуандылықты сақтау ассоциациясы" ұсыныпты. Қала әкімшілігі оны қолдап, сол жылы жеке компанияға Талдыкөл айналасын зерттеуге рұқсат берген. Алайда, биоалуандылыққа қам жейтіндер зертхана қорытындысына көңілі толмаған.

Бірақ соған қарамастан, 2020 жылы Нұр-Сұлтан әкімдігі суды толықтай жойып, орнына үйлер мен әлеуметтік нысандар салуға кірісіп кеткен.   

Әкімдіктің бұл шешімімен абаттандыру жобасын ұсынған экологтар келіспейді. Олардың сөзінше, 1970 жылдан бері белгілі көл үлкен Талдыкөл және екі "кіші Талдыкөл" деген үш бөліктен тұрады. Қала билігі соның соңғы екеуін құрғатпақшы-мыс. Алайда, қоршаған ортаға жауаптылар бұл қадам балық, аң мен миграция кезінде 200 құс мекендейтін судың экожүйесін бұзады, дейді.  

РУСЛАН ОРАЗАЛИЕВ, "ҚАЗАҚСТАННЫҢ БИОАЛУАНТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУ АССОЦИАЦИЯСЫ" ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
"Бізде су қоймалары арнайы кодекспен қорғалған. Соны қарасаңыз, онда қандай да суды құрғату осы кодекске қарсы екендігі көрсетілген. Алайда, қала әкімдігі мұндай шешімге барып, кодекстегі ереже  ештеңеге кедергі емес көрсетіп отыр".

Ал, қалалық сәулет, қала құрылысы басқармасында табиғат жанашырларының пайымымен келіспейді. Шенеуніктер зерттеуден өткен кіші Талдыкөл  көл емес, жауын-шашын мен кәріз суы және балшық жиынтығы дейді. Оның үлкен Талдыкөлмен байланысы да жоқ екендігіне әкімдіктегілер сенімді.

НАЗЫМ ТЕҢЕЛБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
"Зерттеулерге сәйкес, су қоймаларын құрғату қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулығына еш залал әкелмейді. Жоба мемлекеттік зерттемден өтті".

Алтай Көлгіновтің командасы Үлкен Талдыкөл айналасын табиғи саябаққа айналдырмақ. Атқамінерлер көлдің флорасы мен фаунасына еш кедергі болмайтынын да хабарлаған еді. Елімізде бір жобаны қолға алса, оған міндетті түрде қыруар қаржы жұмсалатынын білетін біз, оның құнын да сұраған едік, жауаптылардан.

ЕЛДОС САХАРИЯНОВ, "АСТАНА БАС ЖОСПАРЫ" ҒЫЛЫМИ-ЖОБАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ БӨЛІМІНІҢ БАС СӘУЛЕТШІСІ
"Иә, бізі бірінші кезекте осы рекрациялық паркімізді Талдыкөлде бекіттік. Екінші кезекте ол қандай, немен салынатанын, бағасын айтамыз. Екінші кезекте есептелінеді. Әзірге ол белгісіз".))

Айтпақшы, бүгін экологтар мен қала белсенділері кіші Талдыкөл алдағы тағыдырын пысықтау үшін бейнебайланысқа шықты. Интернет арқылы бас қосқандардың сөзінше, "қала билігі адамдардан көлді құрғату" туралы құжатқа қол қоюды сұрауда-мыс. Бірақ жиналғандар бастама мемлекеттік зерттеуден өтсе, қол жинаудың неге керек екенін түсінбей әлек. Сондай-ақ табиғат жанаршырлары су айдынындағы жұмысты тоқтау үшін мәслихат, халықаралық ұйымдарға хабарласқан. Дегенмен, бұдан әлі пайда жоқ. Демек, көлдегі құс пен аң, өсімдік жоғалып кетуі әбден ықтимал.