Нұр-Сұлтандағы карантин: бас санитар дәрігердің қаулысы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтандағы карантин: бас санитар дәрігердің қаулысы шықты

Нұр-Сұлтандағы карантин: бас санитар дәрігердің қаулысы шықты

Нұр-Сұлтан қаласында карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету бойынша елорданың бас санитар дәрігерінің қаулысы жарияланды.

  • 16 Тамыз 2020
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Құжат тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің сайтында жарияланды.

"Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейінтөмендету және оның Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында таралуын болдырмау мақсатында 2020 жылғы 17 тамыздан бастап шектеулі карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдетуді бастау", — делінген қаулыда.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары келесі талаптарды сақтауды жалғастыруы тиіс:

  • ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын, жиналыстарды, жиындарды және т. б. өткізуге тыйым салу;
  • спорттық жаттығуларды тек ашық ауада жеке тәртіппен және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып, 5 адамнан аспайтын топтарда ғана өткізу;
  • бір отбасы мүшелерінен немесе 3 адамнан аспайтын топтарды қоспағанда,табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық сапарларды ұйымдастыруға және өңірдің көрікті жерлеріне шолу жасауға, сондай-ақ жағажайларда шомылуғатыйым салу;

  • 65 жастан асқан адамдардың қала және қоғамдық орындар бойынша жүріп-тұруын шектеу;
  • аулаларда серуендеуге және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне міндетті түрде бетперде киіп және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып баруға рұқсат беру;
  • қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметі рұқсат етілген объектілерге барған кезде, көшеде жүріп-тұру кезінде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде) маскалар кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.