Атырауда мектеп ғимаратының жөндеуіне бөлінген 25 миллион теңге жымқырылған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда мектеп ғимаратының жөндеуіне бөлінген 25 миллион теңге жымқырылған

Атырауда мектеп ғимаратының жөндеуіне бөлінген 25 миллион теңге жымқырылған

Атыраудағы № 5 мектепті жөндеу кезінде 25 миллион теңге жымқырылған, бұл туралы желді ауа райында қапталған ғимарат сырты құлағаннан кейін белгілі болды.

  • 16 Тамыз 2020
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қадағалау органының мәліметінше, 2017 жылы мектеп күрделі жөндеуден өткен. Оған 279 миллион теңге бөлінген. Биыл наурызда ғимарат қаптамасы құлағаны белгілі болды. Сондай-ақ, желдің күшті болмағаны хабарланды.

"Тәуелсіз сарапшының қорытындысына сәйкес, сәулет-құрылыс нормаларын сақтамау, сондай-ақ жұмыстардың орындалмауы салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 25 миллион теңге залал келді", — делінген прокуратура мәлімдемесінде.

Қалалық прокуратура сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке материалдар жіберді, ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлігі ("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.