Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
SalivaDirect — сілекей негізіндегі тест. Ол мұрын-жұтқыншақ қуысынан немесе биологиялық материалды алу үшін арнайы құрылғыны қажет етпейді дейді мамандар.
FDA басшысы Стивен Хан тестті тиімділігі бойынша "революциялық" деп атады және ол маңызды компоненттердің жетіспеушілігіне ұшырамайды екен.
Агенттіктің хабарлауынша, жаңа тест арзан әрі қарапайым, ол нуклеин қышқылын алуды қажет етпейді және тест жүргізу үшін оңай қолжетімді реактивтер ғана қажет.
"Біз тестті жеңілдеттік, оған қажет реагенттер бірнеше доллар тұрады және клиникалық зертханаларда бұл процедура шамамен 10 доллар (4 183 теңге) болады деп болжаймыз, — деді Йель университетінің қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының профессоры Натан Грабо.