Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанда тәуекел тобына жататын 2,2 миллион адам бар. Бұл — созылмалы жүрек-қантамырлары аурулары бар адамдар, 65 жастан асқан азаматтар, қант диабеті және басқа да созылмалы аурулардан зардап шегетін адамдар. Сондықтан мен сау адамдардың бұл тізімге енуге тырысуы "керек пе, жоқ па" білмеймін. Белгілі бір әлеуметтік ережелер мен заңдар бар. Меніңше, дені сау адам өзін-өзі қамтамасыз етуі керек. Оның ішінде вакцинамен де. Бұл менің жеке ұстанымым. Саналы азамат менің ұстанымыммен бөлісуі керек деген ойдамын, — деді ол.
Бұған дейін Бағдат Қожахметов індетті толық жеңіп шыққанша, сақтық керегін айтқан болатын.