Жаңа оқу жылында оқушылар қалай демалады - министрлік кесте жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа оқу жылында оқушылар қалай демалады - министрлік кесте жариялады

Жаңа оқу жылында оқушылар қалай демалады - министрлік кесте жариялады

Бұйрыққа сәйкес, оқу жылы 1 қыркүйектен бастап 34 аптаға созылады ( 1-сынып оқушылары 33 апта оқитын болады).

  • 18 Тамыз 2020
  • 263
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылында оқушылар қалай демалатынын айтты.

2020 жылдың 13 тамызындағы бұйрыққа сәйкес, мынадай мерзімдер анықталған:

  • 2020-2021 оқу жылының басталуы — 1 қыркүйек 2020 жыл;
  • 1-сынып оқушылары 33 апта оқитын болады, 2-11 (12) сыныптар — 34 апта.

Оқу жылының демалыс кестесі:

1-11 (12) сыныптар: күзгі каникул – 10 күн (5-14 қараша (қоса есептегенде) 2020 жыл ), қысқы – 11 күн (31 желтоқсан 2020 жыл — 10 қаңтар 2021 жыл), көктемгі демалыс – 12 күн (20-31 наурыз 2021 жыл);


1-сыныптарда: қосымша демалыс – 7 күн (8-14 ақпан 2021 жыл).

Бұған дейін білім министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқуға қарамастан, оқушылардың демалысы өзгеріссіз қалатынын айтқан еді.

"Қашықтан оқуға қарамастан, балалар қатты шаршайды. Сондықтан каникул кестесі өзгертілмейді", — деді министр.

1 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқитын болады. Бастауыш сынып оқушылары үшін мектепте кезекші класс қарастырылған.