Соңғы уақытта әлеуметтік желіден алыстап кеткен әнші бүгін инстаграм желісіне жаңа видео жүктеді.
"Құлыным Салтай екеуімізге ерекше қамқорлығымен арқа сүйер болып отырған жүрегімнің Қожайыны, Алла қосқан жан-жарыма қуанышпен "Сүйіктім" атты әнімді арнадым! Ма ша Алла! Ресми жариялаймын: Отағасы шығармашылығымды қолдаумен үлкен сахнаға шығуыма рұқсат етті!" — деп өз парақшасында жария етті.
Жаңа әні көпшілік көңілінен шығып жатқанын оқырман арасындағы пікірден байқасақ болады.
Естеріңізге сала кетсек жақында әнші есімін Айша деп өзгерткен болатын.