"Телефон мен теледидарға жақындамаңыздар". Желіде 5G туралы хабарлама тарап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Телефон мен теледидарға жақындамаңыздар". Желіде 5G туралы хабарлама тарап жатыр

"Телефон мен теледидарға жақындамаңыздар". Желіде 5G туралы хабарлама тарап жатыр

Мессенджерлерде "Қазақстандағы 5G сынақтары" туралы жалған хабарламалар тарап жатыр.

  • 19 Тамыз 2020
  • 46
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Интернет қолданушылар аудиохабарламаны белсенді түрде таратып жатыр. Онда белгісіз әйел 5G желісінің сынақтарына байланысты елде теле және радиохабарлар өшірілетінін айтады. Сондай-ақ, аудиороликтің авторы қазақстандықтарды интернетті пайдаланбауға шақырады, өйткені, оның пікірінше, бұл "денсаулыққа қауіпті" болуы мүмкін.

Бірақ бұл хабарлама шындыққа жанаспайтын болып шықты.

"Кейбіреулердің мұрнынан, құлағынан қан ақты. Жалпы қыздар осы 5-6 күн бойы кешке жұмыстан келген соң кітап оқып, журналдар қарасақ ештеңе етпейді. Теледидар көрмеңіздер, телефонға жақындамаңыздар, ештеңе қоспаңыз, сонда ғана балаларыңыздың, немерелеріңіздің денсаулығын сақтай аласыз. Бұл сенімді ақпарат, нақты ақпарат, өйткені мемлекет не болатынын нақты айтпайды. Бірақ дәл осындай жағдай болады", — делінген жалған хабарламада.

"Қазтелерадио" өкілдері бұл мәліметті жоққа шығарды.


"Құрметті абоненттер, қазіргі уақытта WhatsApp мессенджері арқылы телерадио хабарларын таратудың спутниктік және эфирлік желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстарды жүргізуге қатысты жалған ақпарат тарап жатыр. Сізден дүрбелеңге бой алдырмауды және ресми деректерге сенуді сұраймыз", — деді компания өкілдері.