Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы STAN.KZ -ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Бұл мәселе денсаулық сақтау министрінің жеке бақылауында. Таңертең біз бұл тақырыпты талқыладық. Ол менің алдымда Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшинді шақырды", — деді Бағдат Қожахметов.
Ол сондай-ақ қазір Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.
"Полиция қатысушыларды, аталған іс-шараның өткізілген орнын, оның шынымен карантин кезінде өткенін және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес жазалау шараларын қолдану үшін қандай санитарлық нормаларды бұзғанын анықтау үшін тексеру жүргізуде", — деп қортындылады Б.Қожахметов.