«Оқиға Әуезов ауданындағы 6-шағынауданда, Саин көшесінің бойында болған. Сағат 18:20-да полицияға ер адамның көпірден секіруге тырысқаны туралы хабар түсті. Полиция қызметкерлері жеткенше, 1982 жылғы азаматты көпірден куәгерлер түсіріп алған. Сөйтіп ол оқиға орнына барған «Буран-86» көлігінің патрульдік жасағына тапсырылды. Азамат бұл әрекетін түсіндіргенде, оған жұмыстан қайтқанда телефонмен қоңырау шалып, жеке отбасылық қайғысы туралы естірткенін айтты», — деп хабарлады Алматы полициясы.
Оған полиция және жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге, психологиялық көмек те көрсетілді. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.