Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында ол тарифтердің бағасы қымбаттағанымен, олардың желіге қосылуы өзгергенін айтады.
"Шыны керек жаңа және ескі тарифтер бар. Жаңалар жайында айтатын болсақ, бағалардың қымбаттығы сіздерді қорқытпасын. Өйткені қазір бағасы қымбат болса да сапасы әлдеқайда жақсы. Қазір тек бір телефонға емес сонымен қатар телефонға, ноутбукқа да сол тарифты қоссаңыз болады. Осылайша бір тарифпен бірнеше құрылғыны іске қосуға болады", — дейді Евгени Настрадин.
Сонымен қатар, "Білім" тарифы тек қана оқу порталдары үшін ғана қол жетімді екен. Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Бақытбекұлы айтып берді.
"Білім" тарифы қазақстандық білім беру ресурстарына байланысты. Білім алу тарифына әлеуметтік желілер кірмейді. Бұл тек қана білім министрлігі ұсынған білім порталдарына ғана "Білім" тарифы қол жетімді болады", — дейді «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы.