Алматыда 800-ден астам бала пневмониямен ауырды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 800-ден астам бала пневмониямен ауырды

Алматыда 800-ден астам бала пневмониямен ауырды

Алматыда 800-ден астам бала пневмониямен ауруханаға түсті.

  • 28 Тамыз 2020
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифингте айтты, деп хабарлайдыCaravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

«806 бала пневмониямен ауырып, ауруханаға түсті», — деді Жандарбек Бекшин.

Ол сонымен қатар пандемия басталғаннан бері Алматыда COVID-19-бен ауырған 14 144 науқас тіркелгенін айтты. Бүгін 15 науқас тіркелді.

«Коронавирустан қайтыс болғандар саны — 252. Барлығы 12 701 адам сауығып кетті, бұл барлық науқастардың 90 пайызын құрайды», — деді дәрігер.


Естеріңізге сала кетейік, педиатр Шалхар Халитов дәрігерлерді үрей туғызбауға және тұрғындарды қорқытпауға шақырған болатын.