Шымкент қаласында карантин екі аптаға ұзартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент қаласында карантин екі аптаға ұзартылды

Шымкент қаласында карантин екі аптаға ұзартылды

 

  • 30 Тамыз 2020
  • 13
Фото - Caravan.kz

Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Жұмабек Ержанов қала аумағында карантин мен шектеу шараларын екі аптаға ұзарту туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"COVID-19 ауруының өсуіне байланысты және халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуының одан әрі алдын алу мақсатында қаулы етемін: Шымкент қаласының аумағында карантин мен шектеу шаралары 2020 жылғы 31 тамыз сағат 00.00-ден 2020 жылғы 14 қыркүйек сағат 00.00-ге дейін ұзартылсын", — делінген құжатта.

Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына адамдардың жаппай жиналуына байланысты (еске алу, той, мерейтой және т.б.) іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.


65 жастан асқан адамдарға қала бойынша қозғалысты шектеу тапсырылды. Маска режимін және екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.