Мамандандырылған ХҚКО қызметі неге уақытша тоқтап қалғаны хабарланды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамандандырылған ХҚКО қызметі неге уақытша тоқтап қалғаны хабарланды

Мамандандырылған ХҚКО қызметі неге уақытша тоқтап қалғаны хабарланды

Әкімшілік полиция және "Ұлттық ақпарат технологиялар" компаниясы жүйелерінің арасында іркіліс болды.

  • 2 Қыркүйек 2020
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары неге уақытша жұмыс істемей қалғанын айтты.

"Әкімшілік полиция және "Ұлттық ақпарат технологиялар" компаниясы жүйелерінің арасында іркіліс болды. Салдарынан республика бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақытша тоқтап қалды", — деп жазылған мемлекеттік корпорация сейсенбі кешке жариялаған ақпаратта.

Екі ведомствоның жүйесінде туындаған мәселе шешіліп жатқаны айтылды.


Жұмыстың қалпына келгені туралы "Азаматтарға арналған үкімет"қосымша хабарлайтын болады.