"Өзгерісті билік жасамайды, өзгерісті талапшыл халық жасайды", - Айгүл Орынбек - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзгерісті билік жасамайды, өзгерісті талапшыл халық жасайды", - Айгүл Орынбек

"Өзгерісті билік жасамайды, өзгерісті талапшыл халық жасайды", - Айгүл Орынбек

Заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Президенттің жолдауы туралы өз ойын айтты.

  • 2 Қыркүйек 2020
  • 114
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"“Жолдап келді ештеңе өзгермейді, бла бла бла әңгіме”- деп айтып отырғандарға жауабым болсын!

Өзгерісті жасау үшін бір қадам болсын жасап көрдің бе?
Сұрамасаң, талап ете алмасаң ештеңе өзгермейді!
Төмендегілер жоғарыға талай өтірік ақпарат беретінін көрдім!
Өзгерісті әркім өзінен бастасын, бәрібір ештеңе өзгермейді деп жата берсек, ешкім өзгерісті қолыңа әкеліп бермейді!
Бүгін, дәл ертең, тіпті бір айдан кейін өзгермеуі мүмкін, қоғам талап етсе, өзгеріс бір ақ күнде болады!
Су жоқ ауыл су сұра, жол жоқ ауыл жол талап ет өзіңе керекті дүниелерді ашық айтып, көрсете біл. Жергілікті биліктің жоғарыға беретін өтірік ақпаратын жоққа шығар! Оны тек сен сұрауың керексің!
Өзгерісті билік жасамайды, өзгерісті талапшыл халық жасайды!
Президент көптеген халыққа тиімді бастамаларды көтерді ме, енді осы бастамалардың орындалуын заңды талап ет! Сол кезде ғана сен аңсаған өзгеріс болады!
Ішіп отырған қара суыңды сұрай алмайсың, өзгеріс қайдан болсын!
“Сен не істеп жүрсің, істесей!”- деп маған бұйрық берудің қажеті жоқ! Мен де үйде жатып, ақыл айтып жатсам жарасады кейбір шалбар кигендерге ұқсап! Ауыл аймақтағы, өңірлердегі биліктің қателігін, қолымнан келгенше көрсетіп келдім, көрсете де беремін!
Өзгеріс болу үшін, қателікті көрсете білейік", — деп жазды Айгүл Орынбек.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына өз жолдауын жариялаған болатын.