Полицияның мәліметінше, 9 жасар Нұрасыл Мәдидің денесі бүгін Ескі әуежай ауданындағы жаңадан салынып жатқан үйлердің аумағынан табылған.
«Біздің ойымызша, бала құрылыс алаңына кіріп, биік жерден құлап кеткен», — деп мәлім етті полициядан.
Еске сала кетейік, 9 жасар Нұрасыл Орал қаласындағы Ескі әуежай ауданы Самал көшесі 94-үйден 5 қыркүйек күні сағат 17.40-та шығып кеткеннен қайтып оралмаған. Ол — ерекше бала еді, Даун синдромына шалдыққан. І топ мүгедегі, оның үстіне сөйлей алмайтын.