Жапониядағы сұрапыл тайфун: 3 млн-нан астам адам эвакуацияланбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапониядағы сұрапыл тайфун: 3 млн-нан астам адам эвакуацияланбақ

Жапониядағы сұрапыл тайфун: 3 млн-нан астам адам эвакуацияланбақ

Жолшыбай үш префектураны жайпап өткен аса қуатты тайфун оңтүстік батыс жақтан Жапониядағы басты аралға жақындап қалды. Жергілікті билік үш миллионнан астам адамды ел аумағына эвакуациялауға шақырды.

  • 7 Қыркүйек 2020
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Жапония метерологиялық агенттігі тұрғындарды нөсер жаңбырдан, күшті желден, алапат толқындардан сақтануға шақырды.

Жергілікті және префектура билігінің мәліметтеріне қарағанда, Кагосимада тайфуннан кем дегенде төрт адам зардап шеккен, тағы бір адам Окинавада жарақат алған.

Kyodo News деректері бойынша, жексенбіде сағат 15:00-де 3,4 миллионнан астам адамды және 1,6 миллионнан астам отбасын эвакуациялауға бұйрық берілген.

Тайфун салдарынан дүйсенбіден бастап қоғамдық көліктің жүруі тоқтатылды.


Kyushu Railway Co. компаниясы дүйсенбіден бастап өз пойыздары мен жергілікті пойыз қозғалысының тоқтатылғанын мәлімдеді.

Ал, West Japan Railway Co.компаниясы алдағы дүйсенбіде Хиросима және Хаката стансалары арасындағы Sanyo Shinkansen жүрдек пойыздардың қозғалысын