Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау басталады

Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау басталады

Әлемдегі алғашқы вакцина азаматтық айналымға шығарылды. Жақын арада "Спутник V" препараты өңірлерге жеткізіледі деп жоспарланып отыр.

  • 8 Қыркүйек 2020
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ресейде COVID-19-ға қарсы вакциналау басталады.

Ресей денсаулық сақтау министрлігі вакцина барлық қажетті зертханалық сынақтардан өткенін атап өтті. Ведомство бұған дейін Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығы Ресейдің тікелей инвестициялар қорымен бірлесіп жасаған COVID-19-ға қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаны тіркеген болатын.

Сынақтар кезінде препарат зерттеуге қатысушылардың жүз пайызында тұрақты гуморалды және жасушалық иммунитет қалыптастырды.


Сонымен бірге вакцина егілген еріктілердің ағзасында вирусты бейтараптандыратын антиденелердің деңгейі COVID-19 індетінен жазылған адамдардағы антиденелердің деңгейінен 1,4-1,5 есе жоғары болатыны анықталды.