Ақмола облысының Шойындыкөл ауылында құс тұмауына байланысты карантин енгізіледі. Ауыл әкімінің тиісті шешімі "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп жазды sputniknews.kz
"Жарқайың ауданы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі ұсынысы негізінде, Шойындыкөл ауылының әкімі шешім қабылдады: жоғарыпатогенді құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты Жарқайың ауданының Шойындыкөл ауылы аумағында карантин белгіленсін", — делінген құжатта.
Құжат 5 қазанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
Құс тұмауы алғаш рет Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген еді. Осыған байланысты өңірдегі жеті ауданда он ауыл карантинге жабылды. Елдің солтүстігінде тек үй құстары ғана емес, жабайы құстар да өлген болатын.