Жобаның басты мақсаты — түрлі жағдайда жақындарын жоғалтқан кейіпкерлерге барынша қолдау көрсетіп, тиісті мекемелердің тікелей көмегімен хабар алуға қолұшын беру.
«Қазақстанда соңғы 5 жылда 13 мың адам із-түзсіз кеткен. Елімізде ай сайын 220 адам жақындарынан алыстайды. Бұл — көңілге кірбің ұялататын статистика. Із-түзсіз жоғалған әр адамның тағдыры да әр қилы. Кей адам ашу үстінде жақындарынан баз кешіп, отбасынан кетіп қалса да, арада көп жыл өткен соң қайта табысқысы келеді. Біздің мақсатымыз — сол жандардың отбасына оралуына жәрдемдесу. «Қымбат жандар» — тағдырдың жазуымен бір-бірінен қол үзіп қалған жандарды қауыштыратын алаң. Қазірдің өзінде редакцияға түрлі хаттар келіп түсуде. Ең өкініштісі, олардың арасында анасынан ажырап қалған балалар бар», — дейді бағдарлама жүргізушісі Қымбат Досжан.
Қазақстандықтар бағдарламаға +77075355383 WhatsApp нөмірі бойынша немесе qymbat_jandar@kaztrk.kz электронды поштасы арқылы өз оқиғасын жолдай алады.
Жоба Ұлттық арнадан 27 қыркүйектен бастап әр жексенбі 12:00-де эфирге шығады.
https://www.youtube.com/watch?v=eqwPYqpq8sw&feature=youtu.be