"Астарлы ақиқатқа дейін халық мені танитын": Қарақатын Қолтықшаштың қазіргі өмірі - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Астарлы ақиқатқа дейін халық мені танитын": Қарақатын Қолтықшаштың қазіргі өмірі

"Астарлы ақиқатқа дейін халық мені танитын": Қарақатын Қолтықшаштың қазіргі өмірі

«Қарақатын қолтықшаш», «Ұлы дала қатыны»  есімімен танымал Тараздық  Гүлнәр есімді 32 жастағы келіншектің өмірін «Астарлы Ақиқат» бағдарламасында ашып көрсеткен болатын.

  • 5 Қазан 2020
  • 1437
Фото - Caravan.kz

Сол бағдарламадан кейінгі өмірі қалай болып жатқаны туралы Ұлы дала қатыны алғаш Caravan.kz  медиа-порталының тілшісіне сұхбат берді.

— Гүлнар "Астарлы ақиқат"  бағдарламасынан кейін танымалдылығыңыз қаншалықты артты?!

— Жалпы Астарлы ақиқаттан бұрын мені халық танитын. Сол бағдарламадан кейін халықтың маған деген көзқарасы 50 % жақсы жаққа өзгерді десемде болады. Әрине танымалдылық бұрынғыдан арта түскенін жасырмаймын.

— Дәл қазіргі сәтте күніне қанша жарнама алып жатсыз?!  Табысыңыз қанша?!

— Қазіргі таңда мен күніне 3 жарнама алып жатырмын. Күніне бес,алты мың теңге табамын. Жоқ дегенде екі,үш мың табамын.

— Бағдарлама барысында енді жақсы жаққа өзгеремін,  жақсы видео түсіремін деп уәде берген едіңіз, сол уәдеңізде тұрып жүрсіз бе?!

— Иә мен бағдарламада сөз берген едім. Ол сөзімді ұмытқан жоқпын. Егер қазір мен бірден жақсы нәрсе түсіріп кетсем, халық назар аудармай қояды, сол себептен хайп өазір маған керек, Көтеріліп алған соң, мән-мағынасы бар видеолар түсіру ойымда бар.

— Жолдасыңыз бағдарламадан соң сізді іздеп келген жоқ па?  Немесе қоңырау шалған жоқ па?!

— Жоқ,хабарласқан жоқ. Келген де жоқ. Мен оны келеді немесе хабарласады деп ойламаймын  және одан ондай нәрсе күтпеймін. Оны өмірімнен өшірген адаммын.

Қазір өзіңіз қандай желіде отырасыз?

Мен инстаграм және тиктокта ғана бармын. Қалған аккаунттардың бәрі фэйк.Тіпті менің атымнан парақша ашып, жұрттан ақша сұрап алаяқтық жолмен ақша тауып жүргендер көп. Халық соларды мен деп қалмаса екен.

— Қазір кіммен тұрып жатырсыз?

— Қазір мен Асада әпкем, анаммен тұрып жатырмыз. Әкем мен ағам сол баяғы ауылда тұрып жатыр. Арасында келіп тұрады. Видео түсіріп,салып жүрмін. Күндегі тіршілік, жарнама жасап өмір сүріп жатырмын.

— Қарақатын қолтықшаш лақап атын өзгертті ме әлде солай қалды ма?!

— Бағдарламадан соң мен келіп атымды өзгерткен болатынмын. Тикток желісінде Гүлнар деп жазып қойсам, ешкім қарамайды, Назар аудармайды. Содан қайтадан қолтықшаш деп өзгертіп тастадым, баяғыдай қаралым жақсы, күшті қарап жатыр.


— Сізді мазақ еткендер, сізге күле қарағандар “Астарлы ақиқат” бағдарламасынан кейін түсіне бастаған сияқты, қалай ойлайсыз?

— Иә, ол бағдарламадан алдын мені мазақ ететіндер көп болды. Комментерийлерде де хэйтерлер жаман жазатын еді, қазірде бар жазатындар.  Мен оған мән бермеймін. Бағдарламадан соң қазір жақсы жазатындар көбейді. Көбісі қателесіппін деп кешірім сұрап жазады.

— Астарла ақиқат бағдарламасы сізді не себепті шақырды деп ойлайсыз?

— Астарлы ақиқаттың мені шақырған мақсаты мені өзгертіп жаңа стиль, образыммен халыққа көрссеткісі келді. Бұлда әдемі әйел бола алады, бұлда киіне алады деген сияқты. Халық мені жаман түріммен, жаман киіммен көріп қалған ғой. Содан кейін бәрі айтып жатыр осылай жүрсеңізші дейді. Мен ол киімдерді үйге киіп тастамаймын ғой. Сол екі образды маған сыйлады,қуанып қалдым. Астарлы ақиқатқа алғысым шексіз.

— Әкеңізбен түскен видеоңыз бар екен. Бірақ оны көпшілік сырттағы бір бомжбен түсіріп, хайп жасауда деп ойлап жатыр?

— Иә әкем ауырады арқасы бар. Бәрі ойлағандай аяқ-қолы сал емес. Өзі жүре алады. Тек сол арқасы ұстап ауырып қалатыны бар. Және елдер ойлайды адам тұрмайтын жерге апарып тастаған әкелерін деп, негізі олай емес өзіміз тұратын жерден 10-15 минуттық жолы бар арғы ауылда тұрады. Үйге келіп тұрады, киімдерін ауыстырып, баняға түсіріп жібереміз. Әкемнің ауруының емі жоқ, қолымыздан  ештеңе келмейді. Тек дәрі-дәрмек әперіп ішкізіп тұрамыз, ақша соған да кетіп жатыр бір жағы. Тиктоктағы менімен түскен сол өз әкем ешқандай бомж емес.

— Сұхбатыңызға рахмет!