Алматының бас санитар дәрігері карантин туралы жаңа қаулы шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының бас санитар дәрігері карантин туралы жаңа қаулы шығарды

Алматының бас санитар дәрігері карантин туралы жаңа қаулы шығарды

4 қазанда Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада карантинді жеңілдетуге байланысты жаңа қаулыға қол қойды.

  • 5 Қазан 2020
  • 320
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Құжаттың толық мәтіні Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің сайтында жарияланған. Қаулы 6 қазан сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Қаулыға сәйкес, халыққа байланыссыз қызмет көрсету объектілері: автожуу, жеңіл көліктерге техникалық қызмет көрсету станциялары, шиномонтаждау учаскелері, тұрмыстық техниканы жөндеу, аяқ киім шеберханалары, химиялық тазалау, кір жуу т.б. сағат 10.00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істей алады.