«Қазақ билігінің Боратты сотқа беруге батылы бармады»: Өзбек басылымдары Қазақстан туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақ билігінің Боратты сотқа беруге батылы бармады»: Өзбек басылымдары Қазақстан туралы

«Қазақ билігінің Боратты сотқа беруге батылы бармады»: Өзбек басылымдары Қазақстан туралы

Өзбек БАҚ-тың жазуынша қазақ билігінің Боратты сотқа беруге батылы жетпейді. Себебі ел билігі ықпалды тұлғалар арқылы әзілкештің сандырағын жоққа шығаруға мәжбүр болады.

  • 6 Қазан 2020
  • 434
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа-порталы көрші өзбек елінің бірқатар басылымдарының Қазақстан турлы не жазып жатқанына шолып көрді.

Боратты сотқа беруге батылы бармады

Өзбекстандық uz.fergana.news әйгілі Бораттың Қазақстан туралы тағы да кино түсіргені туралы жазыпты.

2020 жылдың қазан айының соңында әйгілі «қазақстандық» журналист Борат Сағдиевтің шытырман оқиғаларының екінші бөлімінің премьерасы болады. Британдық әзіл-сықақшы Саша Барон Коэн құпия түрде қазақстандық шенеуніктердің нағыз бас ауруына айналған танымал комедияның жалғасын түсірді. Борат оларды соңғы 16 жылда бері мазалап жүрді, енді тағы бір жанжал күтіп тұр, деп жазды олар.

Фергана осы оқиғаны ерінбей басынан бастап қайта еске түсіріп шығыпты.

Он бес жыл бұрын, 2005 жылы 15 қарашада Қазақстан Сыртқы істер министрлігі әйгілі британдық әзіл-сықақшы Саша Барон Коэнге қарсы сот ісін жүргіземіз деп қорқытты. Бұған оның Лиссабонда өткен MTV European Awards-тағы өнері себеп болды. Саша Коэн шоудың жүргізушісі болды, онда ол алғаш рет Қазақстанның ойдан шығарылған тележурналисті — Борат Сағдиев түрінде пайда болды, делінген мақалада.

Бірақ, сайып келгенде, Республика билігі әзілкештің айтқан барлық сандырақтарын ықпалды тұлғалар жоққа шығаратынын түсініп, сотқа беруге батылы бармады, деп жазды өзбек басылымы.

Өзбекстандық тағы бір медиа басылым nuz.uz қазақстандық ірі компаниялардың иесі, миллиардер Фаттах Шодиевтің сұхбатын жариялады.

Шодиев өзбек тілшілеріне берген сұхбатында көбіне қайрымдылық жайлы айтқан.

«Мен білімім бойынша жапондықпын және біздің елдеріміз көптеген себептермен жақындасу керек деп санаймын» деді сұхбатында ол. Дегенмен ол Ресей мен Жапония жайлы айтып отыр. Қысқасы екі елдің мәдениеті мен экномикасы туралы сөз қозғаған. Қаржысының көп бөлігін Қазақстаннан тауып жүрген Шодиев қазақтар жайлы жақ ашпаған.

Үш баланың өліміне кінәлі сотталды

Өзбекстандық басылымдардың бірі qalampir.uz Шымкентте болған келеңсіз оқиғаға тоқталуды жөн санапты.

Шымкентте залалсыздандыру жұмыстарымен айналысатын Болатбек Жәнібековке үкім шығарылды, оның кінәсінен үш бала қайтыс болды, деп хабарлайды qalampir.uz порталы Liter.kz-ға сілтеме жасап.

Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы 3-бөлігі («Санитарлық ережелерді бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыру») бойынша кінәлі деп танылды. Ол бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу мәліметтері бойынша, Жәнібеков арнайы рұқсаты жоқ екі қабатты үйде дезинфекциялық жұмыстар жүргізген. Сонымен бірге, ол тұрғын үй-жайларда қолдануға арналмаған заттарды (колорадо қоңызымен күресу құралдары) қолданды. Химиялық улану салдарынан бес тұрғын зардап шекті, үш кішкентай бала қайтыс болды.

Қазақстандық авиакомпаниялар Ақтау-Үргенч-Ақтау рейстерін орындауға рұқсат алды

Қазақстандық SCAT авиакомпаниялары Ақтау-Үргенч-Ақтау рейстерін орындауға рұқсат алды. Бұл туралы Өзбекстанның көлік министрлігі хабарлады.

2020 жылдың 1 тамызында Үргеніш әуежайында енгізілген «Ашық аспан» режимі негізінде Узавиация агенттігі SCAT компаниясына 2020 жылдың 2 қазанында Ақтау-Үргеніш-Ақтау бағыты бойынша тұрақты рейстер орындауға рұқсат берді, деп жазды qalampir.uz

Бұған дейін Хорезмнен Қазақстанға қосымша рейс жоспарланып отырғаны туралы хабарлаған болатынбыз.