Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Instagram желісіндегі "Gakku tv" парақшасында Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуімен түскен суреті жарияланып, парақша "Айнұр Тұрсынбаева жан жарымен. Бақыт тілеп қойыңыздар", — деп жазба қалдырған.
Суретті көрген желі оқырмандары "Ер кезегі үшке дейін бар ғой, бақытты болсын", "Нешінші байы болса да бақытты болсын, әр әйел бақытты болуға лайықты", "Не деген қызғаныш қыздар,қолдарыңнан келсе сендерде қайрымдылық жасаңдар қанша жақсылық жасап жатыр", "Алланың нұры жаусын! Бақытты болыңыздар", — деп пікір қалдырды.
Естеріңізге сала кетейік, Айнұр Тұрсынбаева қайта тұрмысқа шығып, айтыскер ақынның қазіргі таңда Түркия елінде тұрып жатқаны белгілі.