Саясаткер Әміржан Қосановтың анасы қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Саясаткер Әміржан Қосановтың анасы қайтыс болды

Саясаткер Әміржан Қосановтың анасы қайтыс болды

Бүгін менің сол тілегімді Жаратқан ием ұмытып кетті - Қосанов.

  • 13 Қазан 2020
  • 68
Фото - Caravan.kz

Қазақстан президенттігіне үміткер болған Әміржан Қосановтың анасы қайтыс болды. Қаралы хабар саясаткердің Facebook-тегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қосанов парақшасында жас кезіндегі "Жаратқанға жалбарыну" деген өлеңінен үзінді келтіріпті:

"…Екінші тілек – дара шын,
Құлдықты сала сұраймын:
Аман болсын анашым —
Аққызы Нағашыбайдың", -деп жазыппын.
Бүгін менің сол тілегімді Жаратқан ием ұмытып кетті…", делінген жазбада.

Еске сала кетелік, саясаткер және қоғам қайраткері Әміржан Қосанов 2019 жылы өткен президенттік сайлауға қатысты.


Zakon.kz редакциясы Әміржан Қосанов пен оның отбасы қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтады.