Бұл жаңалыққа әсіресе қоғам белсенділері бірден қарсы шықты.
Солардың бірі белгілі заңгер Айгүл Орынбек Тазабектің діни көзқарасы ҚМДБ тарапынан арнайы сараптамадан өтсін деп талап етті
Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
"Сүйкімсіз бейнесін, біреулерге сүйкеліп жүріп ақтап алу, ол адамның ең майда екенін көрсетеді!
Ешкімге сүйкелмей ақ, еркек сияқты өзін неге ақтап алмайды?
“Мен сәләфи ағымында емеспін”- деп бір сөйлем жазу үшін, поэма жазып не керек М.Тазабек?
Анау майда, мынау ірі деп әйтеуір біреуді кемсітіп, мұқатып, осы ма ұлтқа тәрбие беретін адам?
Жазбасын жақсы ниетпен, екі қайталап оқыдым! Шынайылық жоқ, тек кінәлау, өзін жоғары көрсету, тәкәппарлық, екі жүзділік ұрып тұр!
Қайталап айтамын ҚМДБ ның мен айтқан, екі өкілі діни көзқарасы бойынша сараптама өткізгенде ғана бұл кісіге сенуге болады!
Оған дейін Ұлттық арнаға жоламасын!
Бүкіл ірілерге сүйкеніп, суретке түсіп шықсада, бұл кісінің діни көзқарасы тексерілу керек!
Кім кіммен суретке түспей жатыр? Зоопарктегі маймылмен де суретке түсіп, мақтап жазуға болады емес пе?!
Сол себепті сараптама жүргізілсін!"- деді заңгер.
Еске салсақ, өткен аптада "Асыл арна" телеарнасының директоры, айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабектің ұлттық арнадан арнайы хабар жүргізетіні мәлім болды. Бұл жаңалық қоғам тарапынан үлкен қарсылыққа тап болды. Ал Тазабектің өзі болса "Қарсы болған бес-алты қазаққа бола " жүргізушіліктен бас тартпаймын деген еді.