Депутат тұрмысы төмен отбасылардың неге баспана ала алмай жүргенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутат тұрмысы төмен отбасылардың неге баспана ала алмай жүргенін айтты

Депутат тұрмысы төмен отбасылардың неге баспана ала алмай жүргенін айтты

Депутат үш тұрғын үй бағдарламасы да әлеуметтік әлжуаз отбасыларға жеңілдетілген ипотека алуға мүмкіндік бермейді деп санайды.

  • 15 Қазан 2020
  • 15
Фото - Caravan.kz

Сенат депутаттары баспана бағдарламалары бойынша жеңілдетілген ипотека ала алмай жүрген тұрмысы төмен қазақстандықтардың проблемасын көтерді.

 Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Sputnik Қазақстан -ға сілтеме жасап.

Сенатор Ләззат Сүлейменнің пікірінше, тұрмысы төмен азаматтардың баспана алуына бағытталған үш бағдарламаның аясын кеңейту қажет. Депутат үш бағдарлама да әлеуметтік жағынан осал топтарға жеңілдетілген ипотека алуға мүмкіндік бермейді деп санайды.

"5-10-20" – "Шаңырақ" бағдарламасы

"Нұрлы жер" бағдарламасына кіретін "Шаңырақ" – "5-10-20" пилоттық жобасы әкімдіктерде кезекте тұрғандарға ипотекалық несие беруді қарастырады. Несие алу шартының бірі –  соңғы алты ай ішінде зейнетақы қорының үзінді көшірмесін тапсыру.

"Алайда қазір I, II топтағы мүгедектігі бар адамдар еңбек табысын растай алмауына байланысты жеңілдетілген осы ипотекалық кредитке қол жеткізе алмай отыр", — деді Сүлеймен үкіметке жолдаған депутаттық сауалында.

"7-20-25" бағдарламасы

Ал "7-20-25" бағдарламасы, оның айтуынша, көптеген қазақстандық үшін едәуір қолжетімді. Бірақ, бір кемшілігі – ол тек бастапқы тұрғын үй нарығына ғана бағытталған.

"Тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген кезде одан пәтер табу қиын. Себебі бастапқы тұрғын үй нарығы алыпсатарлар қызметінің объектісі. Олар бір уақытта бірнеше пәтер сатып алады. Осыған байланысты азаматтар тұрғын үйді алдын ала брондау шартымен сатып алуға мәжбүр. Бұл азаматтарды қосымша шығындарға алып келеді", — деді сенатор.

Яғни, бағдарламада мемлекет тарапынан көзделген 20% бастапқы жарна 30%-ке дейін өседі.


Осыған байланысты депутат "7-20-25" бағдарламасы бойынша тұрғын үйді екінші нарықта алуға рұқсат ету тиімді әрі арзандау болар еді деп есептейді. 

"Баспана хит" бағдарламасы

"Баспана хит" бағдарламасы екінші нарықтан пәтер алуға мүмкіндік береді. Бірақ, Сүлейменнің айтуынша, оның несие бойынша пайыздық мөлшерлемесі жоғары, қарыз мерзімі де аз және ай сайынғы кірісі 180 мың теңгеден төмен адамдарға қолжетімсіз.

Сол себепті депутат "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салудың ауқымын кеңейтуді ұсынды.

Жалғыз үйінен мәжбүрлеп көшіру

Сенат депутаты көтерген тағы бір мәселенің бірі – азаматтарды жалғыз тұрғын үйінен мәжбүрлеп көшіру.

"БҰҰ экономикалық және әлеуметтік-мәдени құқықтары жөніндегі комитетінің талаптарына сәйкес, мәжбүрлеп көшіру адам құқығының бұзылуы тұрғысынан үйсіз адамдардың көбеюіне әкелмеуі тиіс. Бұл жағдайда балама тұрғын үй ретінде арнайы баспаналарда орын беруді немесе сатып алу құқығынсыз жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үй беруді қарастыру керек", — деді Сүлеймен.

Ол коронавирус пандемиясына байланысты қазақстандықтардың экономикалық жағдайының нашарлауын ескеріп, мәжбүрлеп шығаруға тыйым салу негіздерінің тізбесін жан-жақты қарауды ұсынды.