Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Заң жобаларын әзірлеу, өзара мәмілеге келу жолдарын іздеу барлық тараптан көп уақытпен табанды еңбекті талап етеді. Кеңес мүшелері айтқан идеялармен және ұсыныстармен мұқият танысып шықтым, — деді Мемлекет басшысы.
Президент биыл мамыр айында «Сайлау туралы» заңға Ұлттық кеңес бастамасымен енгізілген өзгерістерге қол қойғанын еске салды.
Соған сәйкес партиялардың сайлауалды тізіміне әйелдер мен жастар үшін 30%-тік квота енгізу қажеттігі заңдық тұрғыдан рәсімделді. Біз әйелдерге қолдау көрсетіп, олардың мемлекетті басқару ісіне барынша белсенді атсалысуын жүйелі түрде іске асырып келеміз. Статистика бойынша барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің 55%-тен астамы әйелдер, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кеңес отырысын кезінде.
Сондай-ақ Парламент пен Мәслихат депутаттарының 22%-і, судьялар корпусының 47%-ін әйелдер құрайды.
Оған қоса ел тариында биыл тұңғыш рет әйел адам облыс басшысы болды. Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстан мемлекеттік басқару жүйесіндегі және биліктің өкілді органдарындағы әйелдердің үлесі бойынша посткеңестік елдер арасында көш бастап тұрған мемлекеттің бірі. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен елді билейді», — деді Президент өз сөзінде.