Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ресейде коронавирусқа қарсы "ЭпиВакКорона" вакцинасының өндірісі басталды, деп хабарлады Роспотребнадзор.
"ЭпиВакКоронаның" тіркеуден кейінгі сынақтары таяу уақытта басталады, оған 40 мың ерікті қатысады, олардың арасында 60 жастан асқан және созылмалы аурулармен ауыратындар да бар, деп мәлімдеді ведомство.
Вакцинаны бұлшықетке 0,5 миллилитрден екі рет енгізу ұсынылып отыр, аралығы кем дегенде 14-21 күн болуы тиіс.
Дәрі-дәрмекті жаппай жеткізуді қараша-желтоқсан айларында бастау жоспарланған. Препарат азаматтық айналымға 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.
"ЭпиВакКорона" вакцинасы – коронавирусқа қарсы екінші ресейлік препарат, оның тіркелгені қазан айының ортасында белгілі болды. Ол "Вектор" ғылыми орталығында пептидтік антигендердің негізінде жасалды.