Келіндер қызыл халатын, апалар ақжаулығын киіп сақадай сайланып тұр. Жезделер мен күйеу балалар құрған палатка. Ал төрдегі кілемде жас-жұбайлардың есімі мақтамен жазылған. Дастарханда оливье салат пен жеңгелер жасаған тәтті торт. Шнурлы микрофон, Ямаха синтезатор. Құлақшын киген музыкант ағай мен гүлді көйлектегі сұп-сұлу әнші бикеш. Иа-иа есіңізге түсті ме? Бұл 90 жылдағы той.
"Астарлы ақиқат" бағдарламасы сол кездегі тойлар мен сол шақтағы әншілерді еске алды. Ол кездегі әншілердің бірі Өктем Алтаев болатын. Көптен бері көрінбей кеткен Өктем Алтаев бағдарламаның арнайы қонағы болып сол кездегі қызықтарды айтып берді.
"Азан шақырылып қойған есімім Октябрь. Октябрь Жарылқапов деген тұңғыш қазақ волиболист кісісі болған. Тұңғыш чемпион болған волейболдан. Сол кісінің атына мені солай қойған. 90 жылдары мен Октябрь деген есіммен танылдым. Алтаевтар ансамблінің әншісі болатын. Әжем мені еркелетіп Өктем дейтін", — деп ағынан жарылды Өктем Алтаев.