Іс-шараға белгілі қоғам қайраткерлері, Қазақстан мен Чехияның ғылыми топтары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қазақстандық дипломаттар бұл күндері Қазақстан Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында тұрған кезде ұлы ақынның сөздері ерекше дыбысқа ие болатынын атап өтті.
Чех «Азия достары тобының» жетекшісі, профессор, философия ғылымдарының докторы Иржи Шима кітаптың жарық көруі чех жұртшылығына әлемдік әдебиеттің дамуы мен қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан қазақтың ұлы ақынының шығармашылығымен танысуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Карлов университетінің профессоры Томаш Кучера өз сөзінде: «Қазақтың ойшылы және ақыны Абай Құнанбаевтың кітабы теңдесі жоқ басылым. Бұл чех оқырмандарына қазақ халқының тарихын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді және бұл біздің мәдениеттерімізді жақындастыратыны сөзсіз».
Чех бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сөздері де қызығушылықпен тыңдалды.
Қазақстандық тараптан презентацияға қатысқандар: Әлия Қожабекова — ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бас директорының орынбасары; Ұлықбек Есдәулет — ақын, «Қазақстан Жазушылар одағының» төрағасы; Кенжехан Мамытжанов — М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры,
Чех тіліне аударылған «Абайдың қара сөздерін» Қазақстан Республикасының Елшілігі Прагадағы білім беру мекемелерінің кітапхана қорына жібереді.