Бұл туралы Caravan.kz порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда саяси тұтқындарды босату талаптарымен санкцияланған митинг өтті.
Митингіге келушілер саяси тұтқындарды босатуды, парламенттегі жас депутаттардың санын көбейтуді, мемлекеттік басылымдарда митингілер мен тұтқындалғандарды жариялауды талап етті.
Митингіде әйел болып киінген Юрий Толочконы көпшілік қыспаққа алды. Оның ортадан кетуін талап етіп, ұрып-соқты.
Қанжоса болған Юрий желіде үндеуін жолдады. Ол трансгендерлердің құқығы үшін күресетінін мәлімдеді.
"Мен митингіге трансгендерлердің құқықығын қорғау үшін келдім. Оларға әрдайым қысым болатыны түсінікті. Біздің қоғам оларды қабылдамайды. Оларды ұрып-соғады. Менің де бүгін мұрным сынып, бас-ми жарақатын алдым. Мен ер адаммын. Трансгендер емеспін. Маған әйелдер ұнайды, бірақ мен барлық адамның құқығы тең болғанын қалаймын. Қанша трангендер қараңғыда жүр. Адамдардан жасырынып жүр. Олар мен секілді ашық шыға алмайды. Барлық адам өзінің жаратылыс үшін ұялмауы керек. Мен енді бұдан әрі қарай да күресетін болам. Бұрын ЛГБТ мүшесі емес едім, енді соның мүшелігіне кірем", — деді Юрий.
Митинг ұйымдастырушылар Толочконың митингке шығуы жоспарланған арандатушылық болуы мүмкін деп мәлімдеді.
"Толочконы кім ұрды? Мен ұйымдастырушы ретінде осы адамды тауып, оны әкімшілік жауапкершілікке тартуын сұраймын. Мен құқық қорғаушымын және мен үшін барлық азаматтардың құқықтары мен бостандығын құрметтеу өте маңызды. Дискриминация және саяси жағдай қолайсыз. Біз барлығымыз саясатта ұзақ уақыт жүрдік, интернетті оқимыз және арнайы қызметтің барлық әдістерін жақсы білеміз", — деп жазды Facebook-те митингтің ұйымдастырушысы Бақытжан Төреғожина.
Желі қолданушылары әртүрлі пікір жазды.
Егер бұл арандатушылық болса, онда арандатушылық сәтті болды, — дейді интернет қолданушылары.
"Олар құқықтар мен бостандықтар үшін жорыққа шығып, өз құқықтары мен бостандықтары ұнатпаған адамды бірден ұрып тастады", "Нелерін кетер еді. Өз ойын білдірсе оның де құқығы бар шығар, ойын айтқызу керек еді", — деп жазды олар.
Айта кетейік, Юрий Толочко қуыршақ әйелге үйленетінін айтып, көпке танылған еді. Пандемия салдарынан Марго есімді қуыршақ екеуінің үйлену тойын кейінге қалдыруға тура келді.