Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Инстаграм әлеуметтік желісінде өте белсенді, жасаған тағамдарын оқырманымен бөлісіп, өзінің атаулы байқауын жиі ұйымдастыратын Ақбота-Нұр бірден оқырмандарын ойландырып тастады.
Ол өзінің бүкіл сурет-видеоларын өшіріп тастап, хиджаб киген сурет-видеосын жариялап: "АссаламуАлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатух!" — деп жазба қалдырды.
Оны көрген әріптестері: " Ма ша Аллах", "Өте әдемі", "Жарасымды" — деген пікірлер жазуда.
Ал, қалың көрермен: "Мыналарға не болған", "Мөлдір Әуелбекованың жолын қуып, енді атыңды өзгерт", "Ма Ша Алла", "Қуып кеттіңдер әншілер, ерсіленбеңдерші" — деген пікірлерін оқша жаудыруда.
Әзірге Ақбота ханым ешкімге жауап берген жоқ!