Болат Көмеков - ұлағатты ұстаз, тәжірбиелі зерттеуші - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Болат Көмеков - ұлағатты ұстаз, тәжірбиелі зерттеуші

Болат Көмеков - ұлағатты ұстаз, тәжірбиелі зерттеуші

Болат Көмеков - ұлағатты ұстаз, тәжірбиелі зерттеуші.

  • 3 Қараша 2020
  • 136
Фото - Caravan.kz

Қазақстандағы шығыстану ғылымының құрылымдық жүйесінің негізін қалаушылардың бірі — Болат Ешмұхамедұлы Көмеков. Қазіргі заманда қоғамдық-гуманитарлы ғылымдарының өзіндік ғылым аренасында сұранысқа қайта ие болуына, тіпті қазіргі қоғамдағы бірден бір жаңалық ашуы өте қиын мәселе. Осы күрделі мәселені жүйелі түрде, әрі тәжірбиелі түрде суырып шыққан т.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА академигі Болат Көмековты айтуымыз керек. Ұлағатты ұстаз, білікті маман ретінде ең алдымен Отандық тарихымыздың ең өзекті деген мәселелерді жан-жақты археологиялық, араб, парсы, жазба деректерді өзіндік анализ жасауының нәтижесінде Қыпшақ хандығының тарихын терең зерттеп, Фирдоуси «Шахнаме» тарихи дерегі арқылы Қыпшақ мемлекеті, тілі, терең зерттеуге мүмкіндік берді. Академик-қыпшақтанушы Болат Көмеков осы тарихи әдебиетінің мән-мағынасына анализ жасау арқылы қазақ тарихының түп-тамырларын қыпшақ әдебиеті мен тілінен іздеу керек екенін атап өтті, өйткені қыпшақ тілі – қазақ тілінің бастаушысы деп көрсетті.

Гуманитарлы ғылымдарының IV халықаралық форумы «Ұлы дала» атты ғылыми конференцияның 2019 жылы 24 маусымы Нұр-сұлтан (Астана) қаласында өткізілуінде ҚР ҰҒА академигі Болат Көмеков өзінің ғылыми баяндамасы, «Түркі мемлекеттілігінің қалыптасу және даму тарихы секциясы», Алтын Орданың 750 жылдығына арналған мәселенің аясында өзіндік ғылыми тұжырымын көрсеткен. Баяндама материалдары түркі мемлекеттілігі мәселелерінің кең ауқымын қамтыды, соның ішінде қыпшақтық рольі аса жоғары екендігі көрсетілді.

Нақты, қарастырылып отырған мәселеге келсек, Б. Көмеков ұстазымыздың Алматы қаласының 1000 жылдық тарихы бар екендігі жөнінде, атақты археолог ғалым К. Байпаковпен біріге отырып, археологиялық және жазба деректер арқылы дәлелдегені белігілі болып отыр. Мәселен, 2004 жылдан бастап-ақ Алматы қаласының 150 жылдық мерейтойына ғылыми тұрғыда қарсы сыни пікірде болды. Яғни, 150 жылдық мерейтойының тойлануы деп Алматы қаласының әкімдігі Верный қаласының 1854 жылғы негізі қаланғаннан бастап тарихын көрсетіліуімен шектелген. Алайда, Алматы қаласының Верный –дан бергі уақытпен шектеліп қалу, тарихи қателік. Яғни, жаңа заман дәуіріне дейін, қола дәуірінен бастап, ерте орта ғасыр, дамыған орта ғасыр, кейінгі орта ғасырлық дәуірлер бойынша Алматы қаласы тек әкімшілік орталық қана болған жоқ, сонымен бірге маңызды мәдени орталық (Жетісу кеңістігі) бойынша және маңызды сауда орталығы болғанын айқындауда, жоғарыда аталған К. Байпаков және Б. Көмековтың зерттеулері орасан зор әсер берді. Әсіресе, нумизматикалық мәліметтердің табылуы осы Алматы қаласының маңында тенгелерде (монеталар) табылуы ондағы сыртқы жазуында, араб тілінде, куфийлік шрифпен «бәләл д алмату» жазбасы болуы және 1272 жылы деп саналуы, Алматы қаласы тенгелік сарай ретінде қалыптастырды. Дамыған, мәдени-сауда орталығы ретінде дәлелденіп отыр. Бұған, Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы өзіндік әсерін берді. Ежелгі Алматы, Орта ғасырлық Алматы, Жаңа заман кезеңдегі Алматы тарихы ретінде жүйелі түрде бөліп қарастырылуы өте маңызды. Себебі осы жүйеліліктің арқасында Алматы қаласының 1000 жылдық тарихын нақтылап отырмыз. Жазба деректерге Б. Көмековтың жасаған зерттеулері орасан зор үлес қосты. Захридин Бабырдың «Бабырнаме» дерегінде 3 қаланы ерекше атап, Ферғана қаласының солтүстігінде орналасқан ірі қалалар болған: Алмату, Алмалық, Янги, (Тараз). Ал, бұл мәліметтер, М. Х. Дулатидің «Тарихи Рашиди» деректе де қайталанды бұл қалалар атаулары. Моңғолдық шабуылдық кезеңге дейінгі Алматы қ. жазба деректерде кездестірілмеуі Алматы қаласының тарихи өзектілігі аса жоғары болып отыр. Осыған сәйкес Б. Көмековтың пікірінше, М. Қашқари «Диуан-Лұғат-ат түрік» еңбегі басты зерттелу базисі болып отыр осы Жетісудағы ірі өзендердің бірі Іле өзенді алғаш қағазға (картаға) түсіріп, осы арқылы, Жетісудағы қалалардың әсіресе Яфидж өзеніндегі Іле Алатау баурайындағы қала орны және Алматы қаласы арасында тығыз байланыс бар екендігі жөнінде Б. Көмеков өзінің ғылыми тұжырымын көрсетті.

Осылайша, Алматы қаласына қатысты, тарихнамалық зерттеулерде жаңалық енгізе отырып, екіншіден, отандық тарихымыздың аса зерттелмеген мәселелерді қайта қарастырып тарихи дәлелдемелер көрсетуде Б. Көмеков ғалымының жасаған еңбектері, зерттеулері қосқан үлесі орасан зор.


 

Кәрібаев Б. Б.

ҚР ҰҒА академигі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры

 

Исахов Е. А.

Тарих, Археология және этнология факультетінің

«7М02210» – мамандығының 2 курс магистранты