Соңғы кездері орана бастаған өнер жұлдыздары кімдер? - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соңғы кездері орана бастаған өнер жұлдыздары кімдер?

Соңғы кездері орана бастаған өнер жұлдыздары кімдер?

Соңғы уақытта әлеуметтік желіде орамал тақырыбы, хиджаб тақырыбы басты тақырыпқа айналды.

  • 5 Қараша 2020
  • 3225
Фото - Caravan.kz

Facebook желісіндегі белсенділер хиджабтың қазақ халқына қатысы жоқ екенін айтып, оранғандардың көпшілігін өзге дінге кіріп кеткендер деп сынға алуда.

Осыған байланысты Caravan.kz медиа порталы оранып, яғни хиджаб киіп кеткен өнер жұлдыздарын назарларыңызға ұсынады.

Қарақат

Көпшіліктің сүйікті әншісі Қарақат Әбілдина оранған суреттерін әлеуметтік желіге жиі жүктейді. Дегенмен де инстаграм парақшасында әртүрлі образдағы суреттері де бар.

Айнұр Тұрсынбаева

Екінші рет тұрмысқа шыққан Айнұр Тұрсынбаева қазіргі таңда Түркия елінде тұрады, сондай-ақ ол да оранған танымал жұлдыздардың қатарында.

 

Индира Расылхан

 
Ал Индира Расылхан толықтай оранған өнер жұлдызына айналды. Ол бұрынғы сурет, видеоларын инстаграм парақшасынан өшіріп, тек қана жаулықпен түскен суреттерін ғана жариялайтын болған.
 

Мөлдір Әуелбекова

Мөлдір Әуелбекованың "Айша" есімді жаңа есімі бар. Ол енді хиджабты ешқайда тастамайтын болған, тіпті сахнаның өзіне де оранып шығатын болған.

 

Ақбота Нұр 

"KeshYou" тобының экс әншісі әрі Дәурен Айдарбековтың бұрынғы жары Ақбоат Нұр да енді хиджаб киіп, оранған жұлдыздардың санын көбейтті.
 
Оның Instagram-дағы парақшасынан енді бұрынғы сурет, видеоларын таба алмайсыздар. Әншінің аяқ астынан не себепті өзгергені беймәлім. Сондай-ақ жаулықты өнер иелерінің қатарында әнші Роза Әлқожа, ақын Сара Тоқтамысовалар да бар.