Қазақтарды қорлаған Божко сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтарды қорлаған Божко сотталды

Қазақтарды қорлаған Божко сотталды

Қостанай облысында ұлтаралық араздықты қоздырған Рудный тұрғыны сотталды.

  • 6 Қараша 2020
  • 70
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап tobolinfo.kz порталы хабарлайды, деп жазы azattyq-ruhy.kz

Қыркүйек айының соңында 46 жастағы Рудный қаласының тұрғыны Кирилл Божко украиндық блогермен болған әңгіме барысында Қазақстанның мемлекеттік тіліне, жеріне қатысты қорлайтын, қазақ халқының ар-намысына тиетін сөздер айтқан.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде тараған видеоны анықтап, тексеру жүргізді.

5 қазан күні Рудный қалалық сотының үкімімен Рудный қаласының тұрғыны Б. ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі бойынша сотталды.


«Сотталушының кінәсі бейнежазба және арнайы сараптама қорытындысымен дәлелденді. Сот іс бойынша барлық мән-жайды ескере отырып, Божконы 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ», — делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

Видео тарағаннан кейін Кирилл Божко Қазақстан халқынан кешірім сұрап, видеоүндеу жолдады

 

Перейти к новостям спорта