"Smart Zholy" бағдарламасының үш қазақстандық стартапы Airbus-пен серіктестік орнатады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Smart Zholy" бағдарламасының үш қазақстандық стартапы Airbus-пен серіктестік орнатады

"Smart Zholy" бағдарламасының үш қазақстандық стартапы Airbus-пен серіктестік орнатады

Біздің стартаперлеріміздің әлемдегі ең ірі авиақұрылыс компанияларының бірімен серіктестігі Нұрсұлтан Назарбаев Қорының «Smart Zholy» бағдарламасы арқасында мүмкін болды.

  • 9 Қараша 2020
  • 305
Фото - Caravan.kz

Бағдарлама Қазақстанның дарынды балаларының цифрлық жобаларының халықаралық нарыққа шығуын қамтамасыз етуде көмек көрсетуге бағытталған. Мұндай қолдау ірі әлемдік корпорациялармен ынтымақтастықта жүзеге асырылады.

Биыл бағдарлама төртінші рет өткізіліп, Сovid-19 пандемиясы жағдайында қашықтан өткен форматта ұйымдастырылды. Финалист 15 команда таңдалды, олар «Airbus» «Olam International» және т.б. бағдарламаның ірі корпоративтік серіктестеріне өз шешімдерін ұсынды.

Бағдарлама аясында Азия — Тынық мұхит аймағындағы технологиялар бойынша «Airbus» топ-менеджері Сайрил Швобпен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Енді үш стартап — «Microsec», «Automatico» және «SmartQ» «Airbus»-тың әртүрлі бөлімшелерімен байланысуға және жалпы жаһандық әуе индустриясына қол жеткізуге мүмкіндік алады.


«MicroSec» — Сингапурда орналасқан, негізін қалаушылардың бірі қазақстандық. Ол интернет-заттардың киберқауіпсіздігі саласында жұмыс істейтін стартап

«Automatico» — жұмыс процестерін автоматтандыру саласында Қара-Жыра кен орнында өз шешімдерін енгізген табысты қазақстандық стартап.

«SmartQ» — қазақстандық бағдарламашылар мен жетекші кореялық «UNIST» технологиялық университетінің түлектері жасаған жоба.