Мақпал Жүнісова Заманбектің 15 жыл бұрынғы аманат хатын жариялады - фото - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мақпал Жүнісова Заманбектің 15 жыл бұрынғы аманат хатын жариялады - фото

Мақпал Жүнісова Заманбектің 15 жыл бұрынғы аманат хатын жариялады - фото

Аталған хат 2005 жылдың 26 тамызында жазылған. Ал танымал тұлға Заманбек Нұрқаділов дәл сол жылы бірнеше айдан соң күтпеген жерден қайтыс болды.

  • 12 Қараша 2020
  • 1707
Фото - Caravan.kz

Әнші Мақпал Жүнісова  Заманбек Нұрқаділовтің хатын ыстық ықыласпен еске ала отырып желіде жариялады,  деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы 

Қоғам қайраткері хатта жарына деген махаббаты мен аманатын өлеңмен жеткізген екен.

Байқамаппын салмағын,

Өмір зілін, жалғанын.

Махаббат бар деп өзіңмен,

От боп лаулап жанғанмын.

Жаным енді төзерсің

Тағдыр басқа салғанын.

Жақсы басар жаманды,

Алла айтар талғамын.

Жаратқан ием қолдаса,

Күшейтер саған қорғанын.

Жау жеңіліп, сен жеңіп,

Үзерсің шынжыр торларын.

Әсем ән әлі құлпыртар

Жарық айдың толғанын.

Елің көрер ертең-ақ


Мерей сендей болғанын.

Сендерге қидым қайшымен

Ғұмырымның қалғанын.

Өнерді мәңгі алғасын,

Алла берсін жалғасын.

Марқұм. Заманбек Нұрқаділов соңында өзінің қолтаңбасын қалдырып кеткен. Ал сол жылы қарашада көз жұмды.

"Ертең Зәкемнің қайтқан күні. 15 жыл болыпты. Мәңгілік жадымыздасыз, топырағыңыз торқа болсын. Хатты Зәкең өз қолымен жазып қалдырған еді. Өзінің қолтаңбасы", — деп жазды халық әртісі  желідегі парақшасында. 

Оқырмандар түрлі пікір жазып қалдырған. Көпшілігі "атпал азамат өмірінің соңын сезгендей екен" деп өкініш білдірді.