Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
«5-сыныптардың кезекші сынып режимінде жұмыс істеу мәселесі Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында шешіледі. Екінші тоқсанда мектептердің жұмысына ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Мектептерде барлық снаитарлық талаптарды сақтай отырып, 1-4 сынып оқушылары үшін 15 баладан аспайтын кезекші сыныптар жұмыс істейді», — делінген ақпаратта.
Басқарманың хабарлауынша, білім беру ұйымдарының жұмыс тәртібі эпидемиялогиялық жағдайға тәуелді. Егер өзгерістер болса, ата-аналар мен оқушыларға қосымша хабарланады.