Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
"Мамам Алматыға келсе “Шолпанымды сағындым, Шолпансыз ешқайда барғым келмейді” деп қайтуға асығады.
Мұндай сабырлы,мейірімді келін әрбір ата-ененің бағы. Анамның жанында осындай алтын жеңгемнің болғаны үшін Аллаға шүкір!
Ата-аналарыңызбен бірге тату-тәтті тұратын,шәйін құйып беретін келіндеріңізді, жеңгелеріңізді белгілеп өтіңіздер!" — деп жазба қалдырды.
Желі қолданушылары: "Не деген керемет көрініс, жарайсыз", "Ананың құшағы ыстық қой қашанда", "аналарымыз аман болсын", "аналарымызға еркелегенге не жетсін" — деп пікір қалдырды.