«Сайқалдың әнін орындаймын»: Ерке Есмаханның жаңа бейнебаяны мен образы елді таң-тамаша қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Сайқалдың әнін орындаймын»: Ерке Есмаханның жаңа бейнебаяны мен образы елді таң-тамаша қалдырды

«Сайқалдың әнін орындаймын»: Ерке Есмаханның жаңа бейнебаяны мен образы елді таң-тамаша қалдырды

Белгілі әнші Ерке Есмахан жаңа бейнебаянның тұсуын кесті.

  • 26 Қараша 2020
  • 287
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы әншінің желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлады.

«Достар, пандемияға қарамастан, жаңа ән жазып, бейнебаянымды жарыққа шығардым. 2020 жыл мен үшін қиын жыл болды. Жылдың басында ештеңені сезбедік. Жаз келе барлық құндылығым, өмірге көзқарасым, әр нәрсеге түсінігім өзгерді. Әкем өмірден қайтты. Үлкен соққы, қайғы басымнан өтті.
Ән айта алмадым, ән тыңдау да бұрынғыдай ләззат сыйламады. Инстаграм өмірімнің тек 5%-ын ғана көрсетеді ғой. Жан дүниемнің мұңы мен күйзелісін мұнда көрсетпеймін.
Тек осындай әндеріммен жетістіктеріммен бөліскім келеді.
Алла әр күнімізді бақытты етсін.

Әкем арамызда отырғанда, әнді ұнатып, “қызымның жетістігі” деп қатты қуанар еді. Жаңа бейнебаянды "Той думан" арнасынан тамашалауға болады.» -, деп жазды әнші.

Ерке Есмаханның айтуынша, әннің авторы қырғыздың талантты композиторы, әнші Сайқал Сәдуақасова. Ол әнді сыйға тартқан көрінеді.

Ал, әнге сөз жазған ақын Қайнар Алагөзов.

«Қайнар мен орындайтын әр әннің сөзін жазып келе жатыр. Менің болмысыма, мінезіме сай етіп жазады ғой, шіркін! Рахмет», деп алғыс айтты Ерке Есмахан.

Көпшілікке жаңа ән ұнады. Әсіресе Еркенің ұлттық киімдегі образы елді таң-тамаша қалдырды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Erke Esmahan (@erke_esmahan)

 

Перейти к новостям спорта